Денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын ұстану бойынша халықтың ақпараттану деңгейін жоғарылату мақсатында балабақшаларда, жалпы білім беру мектептерінді, колледждерде, ұйымдасқан топтарда және медициналық ұйымдарда «Инсульттің алдын алу», «ЖРВИ, тұмаудың алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау», «Жарақаттанудың алдын алу», «АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ алдын алу», «Қант диабетінің алдын алу», «Ана сүтімен тамақтандыру», «Сүт безі обырының алдын алу» тақырыптары бойынша 33 түрлі іс-шаралар (семинар-тренинг, конференция, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылып, 2 мыңнан астам адам қамтылды.
Әлеуметтік желілерде, веб-сайттарда 80 жарияланым шығарылды.