Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде 5 қараша - 5 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-на қарсы күрес күніне орайластырылған "Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы" Ұлттық бағдарлама іске асырылуда.
Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күнді ДДҰ 1988 жылы АИТВ-ның таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде белгіледі.
Күрес күнін өткізу - АИТВ инфекциясының таралу проблемасына назар аудару, халықты профилактиканың негізгі шаралары, диагностикалау әдістері және салдарлардың қайтымсыздығы туралы хабардар ету; өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына құнды қарым-қатынас қалыптастыру; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру. АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күрестің әлемдік тәжірибесі барлық елдердің бірлескен күш-жігері мен азаматтардың өз мінез-құлқы мен денсаулығы үшін жауапкершілігі АИТВ-инфекциясының таралуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.
АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу туралы хабардар болуын арттыру, денсаулықты сақтау мінез-құлқын қалыптастыру, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар іс-әрекеттердің салдары туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында салауатты өмңр салтын қалыптастыру қызметі 1237 адамды қамти отырып, семинар-тренингтер, конференциялар, спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастырды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.