Қазіргі заманғы медицина ең көп таралған жұқпалы емес патологияларға мыныларды жатқызады: жүрек-қан тамыр аурулары, тыныс алу органдарының аурулары (СОӨА, астма және т.б.), қант диабеті, қатерлі ісіктер. Статистика бойынша жұқпалы емес аурулардың көпшілігі халықтың өмір сүру деңгейі төмен елдерде анықталады - олар осы себептерден болған барлық өлімнің ¾-ін құрайды (30 миллионнан астам жағдай). Сондықтан жұқпалы емес аурулардың алдын алу бүгінде үкіметтің, қоғамның және әртүрлі медициналық-әлеуметтік қауымдастықтың бірлескен қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Темекі шегу, төмен дене белсенділігі, дұрыс тамақтанбау, алкогольді тұтыну - бұл жағымсыз факторлар жұқпалы емес аурулардың даму ықтималдығына тікелей байланысты. Жұқпалы емес аурулармен күресудің маңызды әдістерінің бірі – барлық қауіп факторларын төмендету бойынша мақсатты іс-әрекет ету.
Жүрек-қан тамыр ауруларының, қант диабетінің, қатерлі ісіктің алдын алу бойынша халықтың ақпараттану деңгейін жоғарылату мақсатында 1 мыңнан астам тұрғындар арасында ақпарттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Қоғамдық орындардағы Лэд-экран арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді. Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу үшін бойынша 4 750 дана буклеттер шығарылды.