Меню

Страницы

Статья

«Алдын алу. Қорғау. Екпе егу!»

Эпидемиологиялық бақылаулар көрсеткендей, тұмаудың ауыр түрімен денсаулығы жақсы адам да ауыруы мүмкін. Тұмаумен ауырған жағдайда 3-7 күні жұмыстан қалатын болғандықтан, қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін және еңбек өнімділігін төмендетеді, оның ішінде ауырып жүріп жұмыс істеуді жалғастыратын немесе толық қалпына келгенге дейін жұмысқа қайта оралған қызметкерлер де бар. Қызметкердің өзі үшін бұл тікелей (жоғалтқан жұмыс күндері) және жанама (емделуге кеткен шығындар) экономикалық залал. Тұмаудың өршуі ел экономикасына тікелей әсер етеді.

Қазіргі кезеңде иммундау тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы болып табылады. Тұмауға қарсы профилактикалық екпелер ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, және де бірінші кезекте жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар мен тұмау инфекциясының салдары ауыр тиетін адамдар арасында иммундау жүргізіледі. Вакцинацияны тұмау маусымы басталғанға дейін жасаған дұрыс. Тұмауға қарсы вакцинация науқандары әдетте қазан айында, вакцина қол жетімді болғаннан кейін көп ұзамай жүзеге асырылады. Тұмауға қарсы қорғаныс антиденелері вакциналаудан өткеннен соң 2 аптадан кейін пайда болады.

Профилактиканың неғұрлым тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауға дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, адамдарға өздері және өз отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасауға және шешімдер қабылдауға көмектесу, тұмауға қарсы вакциналаудан бас тартумен байланысты қауіптер мен салдарларға жұртшылықтың назарын аудару, ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында медицина ұйымдары 54 мыңнан астам адамды қамтумен 800-ден аса түрлі шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде, салауатты өмір салты қызметінің қызметкерлері 1360 адам қамтылған конференция, онлайн-вебинар, семинар-тренинг, спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Қоғамдық орындардағы Лэд-экран арқылы ЖРВИ, тұмаудың алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді. Вакцинация және ЖРВИ, тұмаудың алдын алу бойынша 49 050 дана үнпарақтар мен буклеттер шығарылды.

 

Дата публикации
10 ноября 2022
Дата обновления
10 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы