Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында сайлауды дайындау мен өткізу туралы семинар-кеңестер өтуде

2022 жылғы 26 қазан мен 3 қараша аралығында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы облыстың Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуге қатысты негізгі мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңестер өткізуде. Семинарлар облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілді.

Семинар жұмысына аудандардың АСК мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары мен хатшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Өткізілген кездесулер барысында аудан әкімдерінің орынбасарлары жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімі бойынша атқарған жұмыстары, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы баяндаса, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары сайлау заңнамасын бұзылғандығы жөнінде өтініштерді қараудың құқықтық аспектілері туралы сөз сөйледі. Прокуратура органдарының қызметкерлері сайлау процесіне қатысушылардың заңдылықты сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы түсініктеме берді.

Семинар-кеңестердің екенші кезеңінде АСК және УСК мүшелері үшін практикалық сабақтар өткізілді, онда сайлау учаскелерін ашу, сайлау бюллетеньдерін беру, бақылаушылармен, БАҚ-пен және сенім білдірілген адамдармен жұмыс істеу жөніндегі сайлау комиссияларының іс-қимыл алгоритімдері, дауыс беруді ұйымдастыру, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруін қамтамасыз ету және т. б мәселелер қаралды.

Семинар-кеңестер аяқталғаннан кейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері  сайлау учаскелерін аралап, олардың жұмыстарымен танысты.

Дата публикации
03 ноября 2022
Дата обновления
03 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы