Жамбыл ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы
шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімі болуға кандидат А.Сабетбекұлының сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы 2026 жылғы 1 сәуірдегі Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы» № 13 шешімінің күші жойылсын.
- Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкіміне кандидат А.Сабетбекұлының сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 13 шешімнің күші жойылғаны туралы хабарлама Алматы облысының және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы М. Айтова
Комиссия хатшысы А. Канатова
Қонаев қаласы
02 сәуір 2026 жыл
№ 01-03/12