Салалық статистика

2025 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1151672,2 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,4% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 34,6%, өңдеу өнеркәсібінде 7,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 2,1% өсіп, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 12,7% кемуі белгіленді.

2025 жылғы қаңтар-маусымда ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 224248,1 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 103% құрады.

2025 жылғы қаңтар-маусымда көліктің жүк айналымы 11076,2 млн. ткм (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2024 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 109,6% құрады. Жолаушы айналымы – 1159,8 млн. жкм немесе 2024 жылдың қаңтар- маусымымен салыстырғанда 191,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 146313,3 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-маусымға салыстырғанда 30,6% өсті.            

2025 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,6% көбейді, 622 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 2% кеміді (197,6 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 9,6% (424,4 мың шаршы метр) көбейді.     

2025 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 421585 млн. теңгені немесе 2024 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 24,7% өсті.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 21632 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5,4% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 21148 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 17490 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 17010 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 18433 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,1% көбейді.

Дата публикации
15 июля 2025