Стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу бойынша     

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:                      

  • «Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспары» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

  • Тірек жоспар;

  • Қоршаған ортаны қорғау схемасы;

  • «Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспарына» стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту аясының анықтамасы

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз не себепті оларды елеулі деп есептейсіз?

  • Жобаны бекітпес бұрын қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсер етулерді зерттеу керек және неге?

  • СЭБ жүргізу қажет деп ойлайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?

  • Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсер етуіне байланысты басқа да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2040 жыл

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 26 маусымнан 2025 жылғы 18 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 18 шілде)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жолдауға болады:

- электронды түрде Экология министрлігі Кеңсесінің электрондық мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылап алуыңыз қажет);

- b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  e-mail-іне;

СЭҚ бойынша материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтында орналастырылды

Дата публикации
26 июня 2025