2025 жылы тағайындалатын аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерді сайлауда әкім болуға кандидаттардың жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кандидаттар баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдардың көлемін өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде дербес қайта бөледі.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Қанатова
21 қаңтар 2025 жыл №7