«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2025 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында жаңа Алатау қаласында жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы облыстық ұйымдар мамандарының лауазымдық айлықақыларына 25% мөлшерінде ынталандыру үстемеақылар белгіленсін.
Осы үстемеақылар Алатау қаласының белсенді дамыту кезеңінде кадр әлеуетін қолдау үшін көзделген уақытша шара болып табылатыны айқындалсын.
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы келісім бойынша 2025 жылға бекітілген бюджет шеңберінде ынталандыру үстемеақылар төлеуге қаражат көздесін.
Алматы облысының қаржы басқармасы келісім бойынша бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Мәслихат төрағасы |
|
К.Байғоджаев |