№ 290 13.09.2024 ж.
2024 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2024 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі |
|
М.Султанғазиев |