Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІ:
2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 2 268 014 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 1 204 793 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 5000 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 5000 мың теңге;
трансферттер түсiмі 1 053 221 мың теңге;
2) шығындар 2 268 014 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 0 мың теңге,
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 мың теңге.
Қаланың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 23 820 мың теңге сомада бекітілсін.
Осы шешiм қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алатау қаласы
мәслихатының төрағасы Р. Абилова