Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы

Тендер өткізу тәсілімен 2024  жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру

 

 «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қонаев қ., Алматы к-сі, 54, келесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы   хабарлайды:

1)  Сатып алынатын қызметтердің  толық тізімі, көлемі мен толық өзгешеліктері конкурстық құжаттама  пакетінде көрсетілген.

2) Тауарды медициналық ұйымдарға жеткізілуі тиіс. Жеткізу мерзімі: қазынашылық органдарында шарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде.

3) Тендерге тармақта көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі. 9 " тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген;

4) Тендерлік құжаттама топтамасын  мына мекенжай бойынша: «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қонаев қ., Алматы к-сі, 54, №4 бөлмеде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk?lang=ru веб-сайтында және medteh.aoblzdrav@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша 2024 ж.   6 маусымды қоса алғанда сағат 10.00-ге дейін мерзімде алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 6 маусым сағат 10.00-ге дейін.

5) Тендерлік өтінімдермен конверттер 2024 жылғы 7 маусымда сағат 15.00-де  келесі мекенжай бойынша ашылады: Денсаулық сақтау басқармасы, Қонаев қ., Алматы к-сі, 54, 2 қабат, конференц залы.

      Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдермен конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 771 745 94 50

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы
Дата публикации
03 мая 2024