«Алматы облысы бойынша кеніздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Қаулы

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Алматы облысы бойынша кеніздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» № 622 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Алматы облысы бойынша кеніздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» № 622 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5049 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Облыс әкімі                                                                    М. Сұлтанғазиев

 

 

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Алматы облысы бойынша кеніздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» № 622 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
22 февраля 2024