Алматы облысы Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласы мен олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

ЖОБА                

Алматы облысы Қонаев қаласыны, Іле, Талғар аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы            Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы облысы Талғар ауданы бойынша:

1) Іле ауданының шекарасына Дәулет, Жаңалық, Қайрат, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерін және 15685 гектар жерін беру арқылы Талғар ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 350315 гектар шекарасында белгіленсін; 2) Іле ауданының шекарасына Дәулет, Жаңалық, Қайрат, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерін және 15685 гектар жерін беру арқылы Қайнар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2818,95 гектар шекарасында белгіленсін.

2. Алматы облысы Қонаев қаласы бойынша: 1) Іле ауданының шекарасына Арна, Заречный ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерін және 10250 гектар жерін беру арқылы Қонаев қаласының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы көлемі 307750 гектар шекарасында белгіленсін.

3. Алматы облысы Іле ауданы: 1) Іле ауданының шекарасының құрамына Талғар ауданының Дәулет, Жаңалық, Қайрат, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктері мен 187,83 гектар жерін, Қонаев қаласының Арна, Заречный ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктері мен жерін  қосу арқылы Іле ауданының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 82210 гектар шекарасында белгіленсін; 2) Іле ауданының Бәйсерке ауылдық округінің шекарасына Жетіген ауылдық округінің Жетіген, Құйған, Еңбек, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктері мен 62065 гектар жерін беру арқылы, Жетіген ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 151220 гектар шекарасында белгіленсін; 3) Іле ауданының Бәйсерке ауылдық округінің шекарасына Қонаев қаласының Арна, Заречный ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерін және жерін, Талғар ауданының Дәулет, Жаңалық, Қайрат, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерін және 187,83 гектар жерін, Жетіген ауылдық округінің Жетіген, Құйған, Еңбек, Жаңаарна ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктері мен 95,93 гектар жерін қосу арқылы, Іле ауданының Бәйкерке ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 82210 гектар шекарасында белгіленсін.

3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының және Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.  

4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облыстық мәслихаты  шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

 

Алматы облысының әкімі   ______________________ Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы         ______________________ Байедилов Т.Е.  

 

 

 

Дата публикации
31 октября 2023