Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2023 жылғы                     20 ақпандағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2023 жылғы 20 ақпандағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5971-05 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы облысының әкімі                                                          М. Сұлтанғазиев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
21 сентября 2023