«Атаулы әлеуметтiк көмекті алуға өтiнiш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының                     3-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2009 жылғы 28 қаңтардағы №29-ө бұйрығының 8-тармағына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережебекiтiлсiн.
  2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 81 «Атаулы әлеуметтiк көмекті алуға өтiнiш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3103 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

          3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 апреля 2020