Алматы облысы әкімінің аппараты - жергілікті атқарушы орган мен әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
"Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық - техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
Аппараттың негізгі міндеттері :
Әкім мен әкімдік қызметін ақпараттық-сараптамалық, құқықтық жағынан қамтамасыз ету
Әкім мен әкімдік қызметкерлеріне қаржылық, шаруашылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік тұрмыстық жағынан қызмет көрсету
ҚР Президенті Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Парламентпен, мәслихатпен, облыстық құрылымдармен, бұқаралық ақпарат құралдармен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара байланысты қамтамасыз ету
Аппараттың кызметтері:
әкімшілік-ұйымдастыру
ақпараттық-сараптамалық
құқықтық
кадрлық