Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына
партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкілетті органда саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың партиялық тізімге енгізілуіне келісім беру туралы өтініші;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам турылы өмірбаяндық деректер;
4) жеке куәлігінің көшірмесі;
5) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат (партиялық билеттің көшірмесі немесе саяси партияның уәкілетті адамы қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған, саяси партияға мүшелігін растайтын құжат қоса беріледі);
6) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде);
7) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оны зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтама (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);
8) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана.
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріндегі сайлау жарнасын.
Тиісті мәслихат депутаттарының алдынғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын төлемейді.
Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдынғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.
Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынатын кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) жеке куәлігінің көшірмесі;
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);
7) өлшемі 3×4 см фотосурет - 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.
Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсыну және кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Осы сайлау округі бойынша кандидат ретінде сайлауға түсу ниеті туралы өтініш;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);
6) өлшемі 3×4 см фотосурет - 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.