Күнтізбелік жоспар

Алматы облысының

аумақтық сайлау  комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы № 01-04/58      қаулысына қосымша

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                                        

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                 

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

         4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.   

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 


5. Партиялық тізімдер бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну.

 

Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18.00-де аяқталады

                   (103-б.)

6. Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштерімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну.

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) 

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда  сағат 18:00-де аяқталады

                                                              (103-б. 3, 4, 5-т.)

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну.

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

8. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына                  2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

10. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу.

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

         11. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

12. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

 

13. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу.

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

14. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын  тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                        

 (104-б. 2-т.)

15. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.   

 

 

Тиісті  сайлау комиссиялары

Кандидат, партиялық тізім тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау.                               

 

Тиісті сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру.

                                

 

 

 

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                          

 

 

Кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады .

2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          19. Кандидаттарға (жүгінген кезде)  сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                    

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 қараша

(26-1 б. 1-т.)

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2026 жылғы 13 қарашадан бастап

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

         22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін  

                                                             (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.)

 

         23. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және                              28 қарашаға дейін

(37-б. 3-т.)

 

25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

26. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде Алматы облыстық мәслихатының  депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау  басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну.                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

30. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

31. Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу.                       

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т)

 

32. Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау.

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                (111-б. 1-т.)

 

33. Алматы облыстық мәслихатының  депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

34.  Сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру.                                          

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

35. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру.

 

 

 

 

 

 

Кандидаттар, саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін он күннен

кешіктірмей

(36-б. 2-т.)

         36. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он жұмыс  күні ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

           

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
13 октября 2026