Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЖСК туралы ереже

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының

2025 ж. « 9 »  қыркүйек № 51

қаулысымен бекітілген

 

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

1.    Жалпы ережелер

 

1.     

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) – сайлау процесіне қатысушы жас азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылады.

 

Осы Ереже Клубтың қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2.     

Клуб өз қызметін Клубтың жұмыс жоспарларына, аумақтық сайлау комиссиясының жас сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушыларының құқықтық мәдениетін арттыру бойынша білім беру, түсіндіру, ақпараттық іс-шаралар жоспарларына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының көмегімен жүзеге асырады.

3.     

Клуб АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдармен   және ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

4.     

Клуб туралы ереже АСК қаулысымен бекітіледі.

2.    Міндеттері мен жас сайлаушылар клубының мақсаты

 

5.     

Клубтың мақсаты – жастардың назарын сайлау процесініңөзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.

6.     

Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

3)жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.

3.    Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

7.     

Клубқа жас сарапшылар мен ғалымдар, жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) қатыса алады.

8.     

Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.

9.     

Клуб мүшелерініңқұқықтары:

1.    Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне ұсыныстармен жүгіну.

2.    Клуб мүшелерінің өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіру, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

3.    Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

10.       

Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар, кездесулер, пікірталастар, ұжымдық өзара іс-қимылдың өзге де нысандары түрінде жүзеге асырады.

11.       

Іс-шараларды клуб жетекшісі ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша өткізеді, және ол жоспарды клуб мүшелері бірінші отырыста қабылдайды.

12.       

Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы оның негізінде клуб ашылған ұйым (колледж, мектеп) болып табылады, әдістемелік көмекті аумақтық сайлау комиссиясы көрсетеді.

13.       

Клуб ережесі негізінде АСК жастар оқитын және жұмыс істейтін ұйымдарда, учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан жерлерде филиалдар құрылады.

14.       

Жұмыс органы:

1.    отырыстардыдайындаужәнеөткізубойыншаұйымдастыружұмыстарынжүзегеасырады;

2.    Клуб қатысушыларынкезектіотырыстың өтетінкүні мен күнтәртібітуралы оны өткізгенге дейін бес күнқалғанда, іс-шараныңөтетінкүнітуралыүшкүнненкешіктірмейхабарлайды;

3.    Клуб отырысыбарысындахаттамажүргізеді, оныңішінде фото-, аудио-, бейнежазбақұралдарынпайдаланаотырып жүргізеді.

5. Қорытынды ережелер

15.       

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар                          АСК Қаулысымен енгізіледі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы