2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 22077 азамат енгізілді. Дауыс беруге -10766 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 66 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -11.
Алматы облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Қонаев қаласы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Игорь Николаевич Каплюков үшін сайлаушылардың 143 дауысы берілді,
Серік Нұрқадырұлы Нұрқадыров үшін сайлаушылардың 737 дауысы берілді,
Быржан Құрманжанұлы Чимчиков үшін сайлаушылардың 185 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5;
Жамбыл ауданының № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Қартаңбаев Ермек үшін сайлаушылардың 389 дауысы берілді;
Мажен Ерлан үшін сайлаушылардың 243 дауысы берілді;
Тойбаев Даурен үшін сайлаушылардың 2746 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 104;
Қарасай ауданының № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Кенейбаев Жәнібек Қанатұлы үшін сайлаушылардың 353 дауысы берілді;
Нарбутаев Бакыт Абдирашидұлы үшін сайлаушылардың 1938 дауысы берілді;
Шайдинова Гульмира Рахмидиновна үшін сайлаушылардың 399 дауысы берілді.
Талғар ауданының № 24 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Абылдаева Гаухар Болатханқызы үшін сайлаушылардың 404 дауысы берілді;
Омарбаев Махсут Қасымбекұлы үшін сайлаушылардың 2939 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 84;
Сайлау қорытындысымен сайланды:
Қонаев қаласы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қалалық мәслихаттың депутаты болып Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы, 1975 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы, Қонаев қаласы.
Жамбыл ауданының № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты болып Тойбаев Даурен Даукенович, 1984 жылы туған, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшысының орынбасары, Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
Қарасай ауданының № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қарасай аудандық мәслихаттың депутаты болып 1983 жылы туылған, «QTS Cargo» ЖШС директоры, «HAN Invest» ЖШС негізін қалаушы және директоры Нарбутаев Бакыт Абдирашидович.
Талғар ауданының № 24 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талғар аудандық мәслихаттың депутаты болып Омарбаев Махсут Қасымбекұлы, 1959 жылы туған, « Zeta» ЖШС директоры, Талғар ауданы.
Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы