
Сәулет және қалақұрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, облыс аумағында сәулет және қалақұрылыс қызметін мемлекеттік реттеу тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) Қазақстан Республикасында сәулет, қалақұрылыс мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау. Сонымен қатар құнды сәулет-қалақұрылыс мұрасының сақталуын, сәулет және қалақұрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердің дамуын ескере отырып, ауыларалық аймақтар мен елді мекендерді игеру және тұрақты дамытудың басымды бағыттары жөнінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеу.
Бүгінгі күні Алматы облысының елді мекендерінің бас жоспарлармен қамтамасыз етілуі 100 (100%) құрайды және қажеттілігіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етілу 40,2 (40,2%) пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары туралы ақпаратты интернет-ресурстарда және арнайы ақпараттық стенділерде тек ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша орналастырады. Жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша бас жоспарлардың бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, елді мекендердің инженерлік коммуникацияларының схемалары бойынша ақпаратты интернет-ресурста және халық үшін қолжетімді орындарда тоқсан сайын деректерді жаңарту кезеңділігімен арнайы ақпараттық стенділерде орналастыруға міндетті. Инженерлік желілер мен құрылыстар жоқ аудандарда жер учаскесі берілген жағдайларда көрсетілген желілер мен құрылыстарды пайдалануға беру мерзімдері, сондай-ақ оларға қосылу нүктелері көрсетіледі.Мемлекеттік корпорация интернет-ресурста апта сайын деректерді жаңарту кезеңділігімен қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын орналастыруға міндетті.
Жер кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.
44-1 бабы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21342 болып тіркелінген «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қағидаларына сәйкес, ЕТЖЖ-ға (бұдан әрі - егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда тапсырысшы немесе инвестор жергілікті атқарушы органға объектінің атауын және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көрсете отырып, ЕТЖЖ-ға және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы өтініш ұсынады.Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асырушы құрылымдық бөлімшесі бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын және/немесе құрылыс салу жобаларын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, өтініш негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын дайындайды.ЕТЖЖ-ны және/немесе құрылыс салу жобаларын əзірлеу, келісу және өзгерістер және/немесе толықтыруларды бекіту осы Қағидалармен көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде іргелес аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы.
4-тарау. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі, оның ішінде жаңасын бекіту немесе бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына өзгерістер енгізу нәтижесінде туындаған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда бас тарту үшін негіздеме қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген "құрылыс саласында құрылыс салуды және рұқсат беру рәсімдерінен өтуді ұйымдастыру" Қағидаларының 41-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі, оның ішінде қайта жаңарту (қайта жоспарлау) үшін құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда, бас тарту үшін осы негіздеме қолданылмайды немесе бекітілген Бас жоспарға өзгерістер енгізу нәтижесінде пайда болған, елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе дамыту және салу схемасы.
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы.
2-Параграф