Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім

Алматы облысының аумағында 1764 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:

• 497 жалпы білім беретін мектеп, оның 50-і жекеменшік;
• 1146 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (101-і мемлекеттік, 980-і жекеменшік, 64-і мектеп жанындағы шағын орталық, 1-і жекеменшік шағын орталық);
• 41 колледж;
• қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы 4 білім беру ұйымы;
• 34 қосымша білім беру ұйымы;
• арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау жөніндегі 3 орталық;
• 9 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК);
• 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК);
• 3 арнайы мектеп-интернат;
• 2 кешкі мектеп;
• 12 оқу-өндірістік комбинат (ОӨК).

Документы
Басқа
10 августа 2026
2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранты (әкім гранты)
Қаулы
16 января 2025
2024-2025 жылдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Меморандум
06 апреля 2023
Алматы облысының әкімдігі
Memorandum with the Moscow Financial and Industrial University "Synergy"
Новости
Полезные материалы
Алматы облысының білім беру жүйесін дамыту туралы
Білім беру жүйесін дамыту туралы (24.06.2022)
Алматы облысының жалпы білім беретін мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобалары бойынша жеке әріптестерді таңдау жөніндегі конкурстарды өткізудің басталғаны туралы хабарлама
Медиагалерея
1
Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы түлектерді құттықтауы
1
Мемлекеттік толық жиынтықты жалпы білім беретін мектептер жан басына нормативтік қаржыландыруға көшті
События
18 февраля
Тікелей эфир
27 мая
Қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру (Қошмамбет ауылы, Қарасай ауданы)
27 мая
Қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру (Карасу, Іле ауданы)
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Оқуға грант қалай бөлінеді?

"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына, Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес 2017 жылдан бастап облыстың еңбек нарығы қажеттіліктері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары тағайындалады.

Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады.

Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz

Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ).

Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз.

Өтініш берушіге:

1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу;

2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау;

3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу;

4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.

Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады.

Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың    1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа).

Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.

Кезектегі өтініштер:

1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;

2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;

3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде;

4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;

5) жолдама берілгенде;

6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;

7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.

Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады.

Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады).

Мектепке құжаттар өткізу тәртібін түсіндіріп берсеңіз.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде  жүзеге асырылады.

Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:

  1. Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);

  4. 3 х 4 см 2 фотосурет.

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы