СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
«Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Құрылыс объектісіне тапсырыс беруші шарттар жасасу жолымен авторлық және техникалық қадағалаудың инжинирингтік компанияларын тартады. Заңнама талаптарына сәйкес, аталған компаниялар құрылыс барысын толық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық базаға және тиісті аккредиттеуге ие болуға міндетті. Алайда, олардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында инжинирингтік компаниялардың жауапты тұлғалары тарапынан бақылаудың ресми жүзеге асырылуы (құрылыс объектілерінде болмауы, процеске қашықтан қатысуы және орындалған аралық жұмыстардың жалған расталуы) анықталады, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеледі. |
Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетке инжинирингтiк компаниялардың қызметiн нормативтiк реттеудi, оның iшiнде мердiгерлiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау кезiнде әзiрлеу және бекiту қажеттiгi туралы ұсыныс хат жiберу. |
Уекілетті органға хат жолдау |
|
Орындалды |