Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға не өзге де жеке мүдделілікке байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану барлық басқару шешімдерін қабылдайды |
Фактілер анықталған жоқ |
|
2 |
Есепші |
Қызметкер жұмыс орнында іс жүзінде болмаған жағдайда жұмыс уақытына толық көлемде ақы төлеу. Кәсіпорын қызметін бағалау өлшемдеріне сәйкес еңбекақы төлеу, ақшалай қаражатқа қол жеткізу |
Фактілер анықталған жоқ |
|
3 |
Басқарма басшысының орынбасары |
Жұмысқа түсу үшін заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру. |
Фактілер анықталған жоқ |
|
4 |
Бөлім басшысы |
Қаржылық немесе өзге де мүдделілікке байланысты маманды тәртіптік жауапкершілікке тартпау не тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын негізсіз алып тастау |
Фактілер анықталған жоқ |
|
5 |
Бас маман |
Ресми жарияланғанға дейін конкурс өткізу мерзімдері және т.б. туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беру. |
Фактілер анықталған жоқ |