Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Алматы облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басшы |
Басқару шешімдерін қабылдау (қаржылық, шаруашылық және экономикалық қызмет), бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты орындалуын бақылау
|
Фактілер анықталғанжоқ |
|
2 |
Басқарма басшысының орынбасары
|
Облыс әкімінің резервінен қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылған материалдарды қарау
|
Фактілер анықталғанжоқ |
|
3 |
Басқарма басшысының орынбасары
|
Мемлекеттік меншікті сенімгерлек басқаруға беруді жүргізу
|
Фактілер анықталғанжоқ |
|
4 |
Бас маман - есепші
|
Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты ұйымдастыру және орындау
|
Фактілер анықталғанжоқ |