СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Соя мен мақсары басым дақылдарын субсидиялаудың орындылығы туралы ақпаратқа қолжетімділіктің болмауына байланысты "қоғамдық мүддені білдіретін ақпаратқа қолжетімділіктің жеткіліксіздігі" сыбайлас жемқорлық факторы бар, яғни жобадан нақты қандай мақсаттар үшін соя және мақсары өнімдерін (майлы, техникалық немесе жемшөп мақсаттары) субсидиялау жүргізілетіні белгісіз. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына сәйкес жобада Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан биліктің әрекетсіздігі түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды, ол 2024 жылға арналған басым дақылдарды пайдалану жөніндегі мақсаттарға қарамастан субсидиялауға мүмкіндік береді, бұл Қағидалардың 19-тармағына сәйкес келмейді, онда басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді субсидиялаудың орындылығын айқындау қажеттігі көрсетілген. |
Әзірлеуші органға жобаға 1-қосымшада 2024 жылға арналған Алматы облысы бойынша басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау үшін майлы дақылдар ретінде соя және мақсары өнімдерін пайдалануды көрсету ұсынады. |
Хат |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі |
маусым |
|
2. |
Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі ашықтықтың шектелуіне байланысты "қызметтің жеткіліксіз ашықтығы" сыбайлас жемқорлық факторы бар, олар Қағидалардың 17-тармағына сәйкес басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялауға жататын көкөніс дақылдарының нақты түрлерін айқындауға тиіс. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 450-бабына сәйкес жобада Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан билікті теріс пайдалану түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды, ол ЖАО өз қалауы бойынша Басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялауға жататын өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарының түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған норма Алматы облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидиялар алу құқығын бұзуы мүмкін, өйткені жобада субсидиялауға жататын басым көкөніс дақылдарының түрлері көрсетілмеген |
Әзірлеуші органға жобаға 1-қосымшада өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда өсірілетін және Алматы облысында 2024 жылға субсидиялауға жататын басым көкөніс дақылдарының түрлерін көрсету ұсынады.
|
Хат |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі |
маусым |