Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (ӨҮК)қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған (2024 жылдың қорытындысы бойынша)

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ

 

 
   

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Басқарма басшысы

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығы

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Басқарма басшысының орынбасары

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығы

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (4 бірлік)

Облыс тапсырыс берушілерінің өтінімдері негізінде облысты сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және одан әрі жұмыстарды сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау, конкурстар бойынша қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиялардың құрамында қатысу

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

Облыс тапсырыс берушілерінің өтінімдері негізінде облысты сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және одан әрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау, конкурстар бойынша қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиялардың құрамында қатысу

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (5ед)

Облыс тапсырыс берушілерінің өтінімдері негізінде облысты сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және одан әрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау, конкурстар бойынша қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиялардың құрамында қатысу

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы (1 бірлік)

Облыс тапсырыс берушілерінің өтінімдері негізінде облысты сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және одан әрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау, конкурстар бойынша қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиялардың құрамында қатысу

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

Мемлекеттік сатып алу және әкімшілендіру мониторингі бөлімінің бас маманы (1 бірлік)

Басқарманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Тапсырыс беруші ретінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, сатып алу бойынша жеңімпаздармен өзара іс-қимыл жасау, шарттар жасасу және тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету қорытындылары бойынша төлем жүргізу; бухгалтерлік есепті жүргізу

Фактілер анықталған жоқ

Орташа

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Қол қойылғаннан кейін шартқа өзгерістер енгізуге бола ма?
  1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде:

      1) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тараптардың бірі шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса;

      2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол берілсе;

      3) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса;

      4) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде шарттың жобасына өзгеріс енгізілсе, жол беріледі.

      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді.

  1. Жасалған шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен:

      1) тараптардың өзара келiсуі бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

      3) сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жасалған шартында көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Көрсетілетін көлік қызметтерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      4) егер өнім беруші өзімен жасалған шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынса;

      5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

      6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

      7) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;

      8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шарттың орындалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту бөлігінде;

      9) егер өнім беруші берілетін тауардың өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі;

      10) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі;

      11) өнім беруші ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде ақша алушының деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;

      12) тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттілік шартының қолданысын конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезеңге ұзарту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі ішінде, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жол беріледі;

      13) шарт нысанасында қаржыландыру көзін, бюджет шығыстарының бюджеттік сыныптамасының (өзіндік ерекшелік) кодтарын өзгерту бөлігінде (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін);

      14) тұрақсыздық айыбын, айыппұлды, өсімпұлды ұстап қалуға (өндіріп алуға) байланысты шарт сомасын азайту бөлігінде;

      15) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;

      16) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;

      17) өнім берушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға немесе өнім берушіні тіркеу есебінен шығаруға байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;

      18) өнім берушінің еңсерілмейтін күш салдарынан өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде тапсырыс берушінің жұмыстарды орындау орнын пайдалануға тыйым салуына не шартта жоспарланбаған сынақтар және (немесе) сараптамалар жүргізуге байланысты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі.

Қандай жағдайларда Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды өткізуден олардың қорытындылары шығарылғанға дейін бас тартуға құқылы?

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бюджетті (даму жоспарына сәйкес ақшаны), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаны немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшаны басқа тапсырыс берушіге қайта бөлуге, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы