Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін не өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. Белгілі бір компаниялардың пайдасына шешім қабылдау мүмкіндігі. Кәсіби қызметпен байланысты емес жеке тапсырмаларды орындау мақсатында бағыныстыларға қысым жасау. |
Фактілер анықталған жоқ |
|
2 |
Есепші |
Қызметкер жұмыс орнында болмаған жағдайда жұмыс уақытына толық ақы төлеу. Кәсіпорынның қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес еңбекақы төлеу, қолма-қол ақшаға қол жеткізу Ұрлықты жасыру немесе шығындарды көбейту үшін бухгалтерлік құжаттарды манипуляциялау мүмкіндігі. Түгендеу деректерін бұрмалау. |
Фактілер анықталған жоқ |
|
|
|
|
|