Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау (Кадрлық, қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет), бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылау |
Фактілер анықталған жоқ |
|
2 |
Бөлім басшысы |
Бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім қызметін басқару және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау, кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға не өзге де жеке мүдделілікке байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану |
Фактілер анықталған жоқ |
|
3 |
Есепші |
Бөлімнің бухгалтерлік жұмысын жүргізу, жылдық есепті тапсыру, қызметкер жұмыс орнында іс жүзінде болмаған жағдайда жұмыс уақытына толық көлемде ақы төлеу. Бөлімнің жеке іс қағаздарын жүргізу, бөлім мамандарының жеке құжаттарын ретке келтіру |
Фактілер анықталған жоқ |