Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысындағы пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы" 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 5-36 шешімімен Балқаш және Жамбыл аудандары Алматы облысының аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлау үшін пилоттық өңірлер ретінде белгіленгенін хабарлайды. Сайлау өткізу күні - 2023 жылғы 5 қараша.
Алдағы аудан әкімдерінің сайлауына барлығы 100 сайлау учаскесі (Балқаш ауданы - 23, Жамбыл ауданы -77), 2 аудандық аумақтық және 100 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады.
Екі ауданның сайлаушылар саны 124199 адамды құрайды (Балқаш – 18544 адам, Жамбыл -105655 адам).
Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын өткізу "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 2-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін аудандардың тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындады.
Алдағы сайлау туралы толық ақпаратты аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан көруге болады.