«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын аудандық әкімдеріне кандидаттың шығыстарының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Кандидаттар баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдардың көлемін өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде дербес қайта бөледі.
Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төрайым - М. Айтова
Хатшы - А. Қанатова
2023 жылғы 04 қазандағы
№ 43 қаулыға қосымша
Жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын аудан әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері
Бөлінетін сома 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды, оның ішінде:
1) әкімге кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз сөйлеуне - 200 000 (үш жүз мың) теңге сомасында;
2) үгіт материалдарын шығару және көпшілік алдында сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу - 220 000 (жүз жиырма мың) теңге сомасында;
3) көлік шығындары - 80 000 (сексен мың) теңге сомасында.