
Облыста 398 Денсаулық сақтау мекемесі бар (мемлекеттік - 340, жеке – 58). Мемлекеттік медициналық мекемелердің 173 немесе 50,9% бейімделген, 66 немесе 19,4% жалға алынған үй-жайларда орналасқан.
Облыстың медициналық мекемелерінде 2799 дәрігер және 9109 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 18,80 (ҚР–24,1), орта медицина қызметкерлерімен – 61,17 (ҚР-64,8) құрайды. 5435 төсек-орын орналастырылды, 10 мың тұрғынға – 36,5 (ҚР-59,6) төсек-орынмен қамтамасыз етілді.
Облыс әкімінің гранты бойынша республиканың медициналық жоғары оқу орындарында 149 резидент оқиды.
Қандай да бір вакцинаны жасап шығару барысында дайындалған вакцинаны кезең- кезеңмен тексеруден өткізеді, алдымен жануарларда (ақ тышқандар, теңіз шошқалары т.б.), одан кейін 3 кезең адамдарда клиникалық сынақтан өткізіледі, одан әрі бәрі дұрыс болса вакцинаның құжаттарын Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына сертификаттауға және тіркеуге беріледі. Біріншіден Ресей Федерациясы бұрынғы Кеңестер Одағының кезінен бері вакцина шығаратын, тәжірибесі мол ғылыми орталықтары бар мемлекет. Екіншіден Ресей Федерациясының вакцинасы бірінші болып мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып жатыр. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде қолдануда. Үшіншіден бүгінгі күнге дейін Ресейден шыққан полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакцина, иммуноглобулин, сібір жарасы, туляремия, грипп сияқты жұқпаларға қарсы вакциналарды сәтті пайдаланып жүрміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті.
Жалпы адамдарға қандай да бір екпені салатын медициналық ұйымда бұйрықпен эксперттік комиссия құралады, адам денсаулығына кері әсері болып жатса сол комиссия мүшелері сараптап қорытынды береді. Бірақ вакцина адам ағзасына енгізілетін бөгде зат болғандықтан (ішетін тамақ, сырқаттанып қалғанда ішетін дәрі, тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар т.б.сияқты) оған міндетті түрде адам ағзасы жауап береді. Ол ағзаның жауабы әртүрлі болады: күтілетін ол қысқа уақытта көрініс беретін дененің қызуы көтерілуі, бей-жайлық, екпе салған жердің аздап қызарып ісінуі сияқты, ол ем-домсыз 2-3 күннің ішінде қайтатын жағдай. Екінші жағдай ағзадан күтпеген әсердің болуы ол аллергиялық әсер, оның ішінде анафилактикалық шок болуы. Ол анафилактикалық шоктың болуын ешкім қандай да бір заттан болу- болмауын алдын ала білмейді, тура осы адам тура осы вакцинаға немесе осы дәріге, осы тағамға аллергиялық әсері болуы мүмкін, ол 1 млн. адамның ішінде бір адамда болуы мүмкін. Бірақ медицина қызметкерлері ол жағдайда көмек көрсете алады, әр бір екпе жасайтын кабинетте арнайы шокқа қарсы дәрі –дәрмектер бар, сол үшін адамдар екпе алғаннан кейін сол жерде 30 минут уақыт бақылауда болу керек. Вакцинаның адам ағзасына кері әсері адамның басқа бір сырқатымен қатар келіп қалудан да болуы мүмкін. Қорытындылап айтқанда қандай да бір күтпеген кері әсері болып жатса эксперттік комиссия сараптайды, сол комиссияның қорытындысына қарай медицина қызметкерінің қателігі болып жатса жауакершілікке тартылады. Жалпы айта кететін бір жағдай ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Демек ағзасына екпе салдыруға, дәрі дәрмек жасауға, операция жасауға, қан құюға сияқты т.б. жағдайда ақпараттандырылған келісім беру керек немесе бас тартуға құқы бар. Келісім берілді деген жауапкершілікті медицина қызметкерінен алып тастау емес екенін атап өткім келеді.
Дәрігерлерден бастаудың ең басты себебі алдымен адамдарды емдейдін дәрігерді қорғау үшін, өйткені дәрігерлер «алдыңғы шептегі жауынгерлер» ғой, олар ең қауіпті жағдайда науқастарға көмек көрсетіп жүрген адамдар. Жалпы екпе егудің тактикасы денсаулық сақтау министрлігі тарапынан осылай шешілді, ол алдымен дәрігерлерді, одан кейін мектеп, колледж, жоғарғы оқу орнының ұстаздарын (олар оқушылармен студенттермен қарым қатынаста болып, аурудың кеңінен таралуына себеп болуы мүмкін), одан кейін Ішкі істер министрлігі ( полиция, төтенше жағдай) қызметкерлері қамтылады деп күтілуде.Депутаттар дәрігерлер сияқты қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүрген жоқ, сондық өз кезегінде оларда екпе алады.