
1988 жылы туған. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтап, кейін 2016 жылы аталған университетте «журналистика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған, 2020 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары «31 арна телерадиокомпаниясы» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар бағдарламалары департаментінің қазақ редакциясының жетекші тілшісі, «Еуразия+ОРТ» ЖШС-ның ақпараттық-талдау және қоғамдық-саяси бағдарламалар дирекциясының арнайы тілшісі, жаңалықтар жүргізушісі, «Тас кредит» ЖШС-ның PR-менеджері, «Qazaqstan» ҰТА бас продюсері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі лауазымдарын атқарған.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.