2025 жылғы 18 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың төрағалығымен Алматы облысы әкімдігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, цифрлық технологиялар басқармасының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, Алматы қаласы аграрлық ғылыми-зерттеу университеті мен ботаникалық бақ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда облыстың жасыл желектерін түгендеу, дендрологиялық жоспарлар, ағаштарды зиянкестерден фитосанитариялық (химиялық және биологиялық) өңдеу, таксациялық-дала жұмыстары, питомниктер құру, орман екпелері мен топырақтар бойынша ғылыми қорытынды дайындау мәселелері қаралды.
Ғалымдар өздерінің ғылыми әзірлемелерін жоғарыда аталған бағыттарда, сондай-ақ облыстың елді мекендері бойынша бірыңғай цифрлық картаны құруды таныстырды.
Жаңа Алатау қаласының жасыл аймақтарын дамытуға ерекше назар аударылды, онда Бас жоспар бойынша рекреациялық және саябақ аймақтары, скверлер, көшелерді, автомобиль жолдары мен шағын аудандарды көгалдандыру халықтың жайлы өмірі мен жайлылығы үшін жоспарланған.