2025 жылдың 7 мамырында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ә.Д. Масабаевтың төрағалығымен инвесторлармен кездесу өтті.
Кездесу барысында 7 инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды, олардың ішінде қатты қалдықтарды өңдеу, жою және Қарасай ауданында биологиялық электр станциясын салу жоспарлары ерекше назарға алынды.
Бұл жобаларды жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірде тұрақты энергетиканы дамытуға бағытталған.