Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж. Бабашевтың төрағалығымен жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің әкімшілік тәжірибесі бойынша жиналыс өтті.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметтер стандарттарының жалпы ережелері, қызметтерді көрсету тәртібі айтылып, көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырмалар берілді.