2019 жылдың 19 қарашасында аудан және қаланың жер қатынастары бөлімдерінің қатысуымен басқарма қызметкерлерімен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу туралы» тақырыпта жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері қаралды. Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар зерделенді. Жиналыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.