
Алматы облысы жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Қайрат Үмітбекович Қыдырбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлерінің қатысуымен 2023 жылдың 20 сәуірінде 2023 жылғы 10-14 сәуірі аралығында жүргізілген басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау отырысы өткізілді.
Басқарма ішкі талдау нәтижесінде анықталған жер қатынастары саласындағы 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелін талқылады. Жұмыс тобы анықтаған тәуекелдерді жою бойынша енгізілген ұсыныстардың орындалу барысы талданды.