
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - ӨГАЖ) құрылды, ол бар барлық салалық деректер мен кадастрлар базаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
ӨГАЖ көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болады.
Жер қатынастары саласында пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізу жоспарланып отырған сәулет және қала құрылысы саласында 15 мемлекеттік қызметті және 6 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз етудің 7 базалық референс станциясы құрылды және орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 масштабында (3-5 см ажыратымдылығында) жоғары сапалы аэрофотосурет және топографиялық түсіру бойынша дала жұмыстар жүргізілді.
ӨГАЖ-не мынадай қабаттар жүктелді: ресімделген және еркін жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын үйге жатпайтын құрылыс, елді мекендердегі қызыл жолақ, санитарлық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз етілуі (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері)
Бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды беру және ведомствоаралық келісу процестерін қосымша автоматтандырылды.