
Төрағалық етуші: Қ. Кашкимбаев жер қатынастары басқармасының басшысы.
Сөз сөйлегендер: Қ. Кашкимбаев жер қатынастары басқармасының басшысы. Өз сөзінде ол Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
В. Светлаков "Геокарта"ЖШС директоры. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша Шешті:
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармасы: осы жұмыс түрлерін орындау кезінде қызметті үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының жергілікті атқарушы органдары: техникалық ерекшеліктердің сәйкестігі тұрғысынан материалдарды зерделеуді, орындалған жұмыстарды акт жасай отырып, сапалы қабылдау - беруді қамтамасыз етсін. Бағдарламалық өнімді сүйемелдеу бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша: бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасын интеграциялауды қамтамасыз етсін. Координаттардың бірыңғай жүйесін құру жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ республикалық кәсіпорнына хат дайындау.
В. Светлаков - "Геокарта" ЖШС директоры»:
- картографиялық материалдарды Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органына беруді қамтамасыз ету, орындау мерзімі 20 наурыз 2020 жыл.
- ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өту рәсімін, орындалу мерзімін 2020 жылғы 30 сәуірде қамтамасыз ету.
- жергілікті атқарушы органдарға топ негізді (қосымша) ұсыну, орындау мерзімі 2020 жылғы 10 наурыз.
- бағдарламалық өнімді қолдану кезінде Қапшағай қаласының жергілікті атқарушы органының мамандарын оқытуды қамтамасыз ету.
- бағдарламалық өнімнің Мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, орындау мерзімі 2020 жылғы 1 наурыз.