Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмысы бойынша ақпараты

Алматы облысының жер қоры 10,5 млн. га құрайды (9 аудан және 1 облыстық маңызы бар қала).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4,3млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 459,8мың гектар, оның суарылмалысы – 239,5мың   гектар, көп жылдық екпелер – 18,7 мың  гектар, тыңайған жерлер – 54,7 мың  гектар, шабындық – 63,1мың  гектар, жайылым – 3,6млн. гектарды құрайды.

Облыста шаруашылық субъектілерінің саны 41 343 құрайды (оның ішінде шаруа қожалықтары – 40005, АҚ, ЖШС – 1121, өндірістік кооперативтер – 109, ҒЗИ, мекемелер және оқу орындары – 27, басқа қосалқы кәсіпорындар – 17, басқа мемлекеттік кәсіпорындар - 64).

Елді мекен жері – 0,3млн. га.

Өнеркәсіп мақсатындағы жерлер – 0,1 млн. га.

        Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi – 1,0млн. га.

Орман қорының жері – 2,2млн. га.

Су қорының жері – 0,2 млн. га

Босалқы жері – 2,3млн. га.

 

  1. Мал жаю үшін жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына мал жаю үшін 616,1 мың га (Балқаш ауданы - 102,4 мың га, Жамбыл ауданы-49,5 мың га,Еңбекшіқазақ облысы-151,5 мың га, Іле ауданы– 11,5 мың га, Қарасай ауданы-7,8 мың га, Кеген ауданы– 120,3 мың га, Райымбек ауданы – 59,7 мың га, Талғар-2,8 мың га, Ұйғыр ауданы - 96,5 мың га Қонаев-14,1 мың га).

2.Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару мәселесі бойынша

Аудан және Қонаев қаласының әкімдіктері жыл басынан бері пайдаланылмайтын 543,9 мың га (1545 жер учаскесі) жерді анықтады, Жер ресурстарын басқару департаменті жеке меншік құқығындағы 49,7 мың га алаңда 241 субъектіге ұйғарым табыс етті.

Жалпы көлемі 180,4 мың га болатын 291 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыздар жолданды.

Оның ішінде соттар 72 жер учаскесі бойынша жалпы көлемі 61,8 мың га жер учаскелерін заңсыз деп тану және үлгілік жалдау шарттарының күшін жою туралы шешім шығарды.

Соттың қарауында жалпы көлемі 118,6 мың га болатын 219 жер учаскесі бойынша талап арыздар бар.

Ерікті негізде 56,5 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Тиісті шаралар қабылдау және салықты 20 есеге ұлғайту жөнінде нұсқамалар тапсыру үшін аудандар мен  Қонаев қаласы әкімдіктері ЖРБД-ға 16,5 мың га көлемде 150 материал жолдады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

3.Конкурстарды, аукциондарды ұйымдастыру және өткізу бойынша

Облыста 2023 жылы өткізілген 8 конкурстың қорытындысы бойынша жалпы алаңы45,7мың га ауыл шаруашылығын жүргізу үшін 358 жер учаскесі берілді.

4.Мемлекет мұқтажы үшін жерді алып қою мәселесі бойынша

Бүгінгі таңда «Жетіген-Қазбек-Бек» темір жолын салу жобасы бойынша 4 аудан бойынша бағалау аяқталды.

Бұл ретте, бағалау жұмыстарының жалпы құны 1,3 млрд.теңге (167 жер учаскесі) құрап отыр.

Алматы облысы әкімдігімен Көлік министрлігіне 2023 жылдың 12 қыркүйегінде №-37/2775-И хатымен бюджеттік өтінім жолданды.

«Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының жобасы бойынша 10,8 млрд. теңге сомасына 3 аудан бойынша аяқталды (886 жер учаскесі).

Алматы облысы әкімдігімен Энергетика министрлігіне 2023 жылдың 27 шілдесінде №-37/2195-И хатымен бюджеттік өтінім жолданды.

«Алматы халықаралық әуежайының» ұшу алаңын кеңейту және жасанды ұшу-қону жолағынан периметрлік қоршауын 60 метр қашықтыққа ауыстыру үшін 715 392 455 теңге сомасына 49 жер учаскесі бойынша бағалау жұмыстары аяқталды.

Алматы облысы әкімдігімен Көлік министрлігіне 2023 жылдың 17 тамызында № -37/2468-И хатымен бюджеттік өтінім жолданды.

5.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне кезектілік мәселесі бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап электрондық үкімет порталында egov.kz (https://egov.kz/services/P4.14) жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекке қою бойынша қызмет іске қосылды (10 сотық жер).

Кезекте тұрғандардың ең көп саны облыстың Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Талғар маңындағы аудандарында байқалады.

Электрондық үкімет порталында кезекке қою қызметі арқылы бүгінгі күні облыс бойынша 1 178 019 өтініш тіркелген.

6.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

2023 жылдың басынан басқарма «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 9, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру - 13.

7.Бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша

Жер қатынастары басқармасының жылдық бюджеті 2,7 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 2,5 млрд. теңге игерілді (95,3 %).

 

 

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
12 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы