«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

 

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

аналитикалық анықтама

 

Қонаев қ.                                                                   2026 жылғы 20 наурыз

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Алматы облысы жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - басқарма) басшысының 2025 жылғы 05 наурыздағы № 16-н бұйрығы негізінде 2025 жылғы 16-20 наурыз аралығында басқарманың 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 365 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес Басқарманың негізгі міндеттері:

1) жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету; топырақ құнарлылығын молайту, табиғи ортаны сақтау және жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу;

3) шаруашылықтың барлық нысандарын тең құқықты дамыту үшін жағдайлар жасау;

4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;

5) жылжымайтын мүлік нарығын құру және дамыту;

6) жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту;

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Су кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Орман Кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

6) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

7) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.

СИПАТТАМА БӨЛІГІ:                  

  1. Персоналды басқару.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штат саны 17 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 басшы, 1 басшының орынбасары, 3 бөлім басшысы, 12 бас маман. Бос бірліктер жоқ.

Штаттан тыс қызметкерлер саны 3 бірлікті құрайды. Бос бірліктер - 1.

Персоналды басқару бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде, оның ішінде кадрлардың ауысуы кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Жер кодексі 49-бабының 1-тармағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұндық сәйкессіздік анықталды.

Атап айтқанда:

Қазақ тіліндегі нұсқа:

«Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алушының жазбаша өтініші бойынша он жыл мерзімге төлеу мерзімі ұзартылып сатылады.»

Орыс тіліндегі нұсқа:

«Земельный участок, находящийся в государственной собственности, продается в рассрочку на срок до десяти лет по письменному заявлению покупателя путем заключения договора купли-продажи.»

Қазақ тіліндегі мәтінде төлем мерзімі нақты «он жыл» деп белгіленсе, орыс тіліндегі мәтінде «он жылға дейін» деп көрсетілген. Бұл құқық қолдану барысында әртүрлі түсіндіруге әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, құқықтық нормалардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында мәтіндерді өзара сәйкестендіру қажет.

Түзетулерді енгізу норманың мазмұндық бірізділігін қамтамасыз етеді және құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі түсіндіру тәуекелдерін жояды.

1 ұсыныс.

Жер құқықтық қатынастары бөлімі ҚР АШМ-не Жер кодексінің  49-бабының 1-тармағындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұндық сәйкессіздікті жою мәселесін қарастыру туралы хатқа бастамашылық етсін.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

 Басқарма мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, сондай-ақ, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі 2020 жылғы 01 қазандағы №301 қағидалары негізінде көрсетеді.

Бекітілген тізілімге сәйкес жер қатынастары саласында 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;

елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру;

сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату;

жер учаскесін алуға кезекке қою.

2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында басқарма «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 2, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 3, Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру – 1, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу -4.

Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бекіткен 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 ережелерге 4-қосымшаның 2-тармағына сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметіне өтініш тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіледі. Жер кодексінің 49-1-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.

Сонымен қатар, Жер кодексінің 49-1-бабының 3-тармағына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту өтініш келіп түскен кезден бастап  8 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 ережелерге 4-қосымшаның                 3- тармағына сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» өтінішін қарастыру 13 жұмыс күнін құрайды. 3-тармағына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту өтініш келіп түскен кезден бастап  8 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 ережелерге 4-қосымшаның 3- тармағына  сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»  өтінішін қарастыру 13 жұмыс күнін құрайды.

  Аталған нормативтіктік құқықтық актілердегі қайшылықтар қызмет алушы мен қызмет беруші арасында түсінбеушілкке және құқық бұзушылыққа жол беруі мүмкін.

2 ұсыныс.

Жер құқықтық қатынастары бөлімі ҚР АШМ-не Жер кодексінің  49-1-бабы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидасындағы сәйкессіздіктерді жою мәселесін қарастыру туралы хатқа бастамашылық етсін.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Жер қатынастары басқармасы рұқсат құжаттарын бермейді.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Жер қатынастары басқармасы бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Басқарманың интернет-ресурсында http://www.gov.kz/memleket/entities/ zhetysu-zher сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған стандарт, сенім телефоны орналастырылған.

Басқарманың интернет-ресурсындағы ақпарат тұрақты негізде жаңартылады.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

  1. ҚР АШМ-не Жер кодексінің 49-бабының 1-тармағындағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұндық сәйкессіздікті жою мәселесін қарастыру туралы хатқа бастама ету;
  2. ҚР АШМ-не Жер кодексінің 49-1-бабы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидасындағы сәйкессіздіктерді жою мәселесін қарастыру туралы хатқа бастама ету.

 

 

Жұмыс тобының төрағасы                              А. Болғанбаев

         

Келісілді:                                                             М. Дөненбаев

 

Н. Құсаинов

                                      

                                                                    М. Ошақбаева

 

                                                                             Е. Константинова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтаманы құрастырған

Д. Абишева

8 /72772/ 20681

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2026