Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

          Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Қарасай аудандық мәслихатының және Қарасай ауданы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Қаскелең қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 1497,0224 гектар Қаскелең қаласының босалқы жерінен және Жандосов ауылдық округінің кейбір жерлерін қоса отырып, жалпы көлемі 4462,6224 гектар шекарасында өзгертілсін.  
  2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 августа 2025