9 айда атқарылған жұмыс туралы есеп

Облыстың жер қоры 22 млн 357 мың  гектар жерді құрайды, оның ішінде егістігі - 1 млн 056 мың гектар, оның суарылмалысы - 480 мың  6 гектар, көп жылдық екпелер - 29 мың 788 гектар, тыңайған жерлер - 120 мың 572 гектар, шабындық - 458 мың 404 гектар, жайылым - 13 млн 744 мың  гектар, бақшалар мен қызметтік телімдер – 5 мың 356 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8,007 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 1,01 млн.гектар, оның суарылмалысы - 451 мың  3 гектар, көп жылдық екпелер - 21 мың 4 гектар, тыңайған жерлер – 69 мың 9 гектар, шабындық - 189 мың 5 гектар, жайылым – 6 млн 5 мың  гектар, бақшалар – 291 мың  гектарды құрайды.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 154 974 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.

9 айда атқарылған жұмыс туралы есеп
Дата публикации
20 октября 2020