«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

аналитикалық анықтама

 

Қонаев қ.                                                                   2024 жылғы 19 сәуір

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Алматы облысы жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - басқарма) басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 14-н бұйрығы негізінде 2024 жылғы 8-12 сәуір аралығында басқарманың 2024 жылғы 1-тоқсандағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 365 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес Басқарманың негізгі міндеттері:

1) жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету; топырақ құнарлылығын молайту, табиғи ортаны сақтау және жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу;

3) шаруашылықтың барлық нысандарын тең құқықты дамыту үшін жағдайлар жасау;

4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;

5) жылжымайтын мүлік нарығын құру және дамыту;

6) жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту;

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Су кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Орман Кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

6) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

7) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                            19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.

СИПАТТАМА БӨЛІГІ:                  

  1. Персоналды басқару.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штат саны                       17 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 басшы, 1 басшының орынбасары, 3 бөлім басшысы, 12 бас маман. Бос бірліктер - 3.

Штаттан тыс қызметкерлер саны 5 бірлікті құрайды. Бос бірліктер - 3.

Персоналды басқару бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде, оның ішінде кадрлардың ауысуы кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Жер кодексінің 43-бабына сәйкес егер жер учаскелерін табыстау кезінде жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен   бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.

Осы заң нормасына сәйкес іс жүзінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу және аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органның аралық шешімін қабылдау кезінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін ресімдеу біраз уақытты талап етеді.

Нәтижесінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскесін ресімдеу кезінде бизнес-процесстер қайталанып, сәйкестендіру құжатын алуға дейін біраз уақыт кетеді.

Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органның аралық шешімін талап етпеу жөнінде қолданыстағы Жер кодексінің 43-бабына өзгеріс енгізуді жөн деп есептейміз.

1 ұсыныс.

Жер құқықтық қатынастары бөлімі ҚР АШМ-не Қағидаға Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органның аралық шешімін талап етпеу жөнінде қолданыстағы Жер кодексінің 43-бабына өзгеріс енгізу туралы хатқа бастамашылық етсін.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.
  2. Басқарма мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, сондай-ақ, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі 2020 жылғы 01 қазандағы №301 қағидалары негізінде көрсетеді.

Бекітілген тізілімге сәйкес жер қатынастары саласында 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;

елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру;

сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату;

жер учаскесін алуға кезекке қою.

2024 жылдың 1 тоқсанында басқарма «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 50 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 45, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 2, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 3.

Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларына (әрі қарай - Қағида) сәйкес «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері көрсетеді. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Аталған қызмет түрін ауылдық округтер әкімдері де көрсетеді. Алайда, ауылдық округтер Қағидада мемлкеттік қызмет көрсетуші орган ретінде көрсетілмеген. Қызмет көрсету тәртібі жүйесіз болып келеді.

Бұл ретте, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту бойынша өтініш берушінің тікелей қатысуымен қағаз жеткізгіште көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы байланыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Қағидаға «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызмет көрсетуші ретінде ауылдық округтер әкімдерін қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.

2 ұсыныс.

Жер құқықтық қатынастары бөлімі ҚР АШМ-не Қағидаға «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызмет көрсетуші ретінде ауылдық округтер әкімдерін қосу мүмкіндігін қарау туралы хатқа бастамашылық етсін.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Жер қатынастары басқармасы рұқсат құжаттарын бермейді.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Жер қатынастары басқармасы бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Басқарманың интернет-ресурсында http://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-zher сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне арналған стандарт, сенім телефоны орналастырылған.

Басқарманың интернет-ресурсындағы ақпарат тұрақты негізде жаңартылады.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

  1. ҚР АШМ-не жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органның аралық шешімін талап етпеу жөнінде қолданыстағы Жер кодексінің 43-бабына өзгеріс енгізу туралы хатқа бастама ету;
  2. ҚР АШМ-не Қағидаға «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызмет көрсетуші ретінде ауылдық округтер әкімдерін қосу мүмкіндігін қарау туралы хатқа бастама ету;

 

 

Жұмыс тобының төрағасы                                    А. Болғанбаев

        

Келісілді:                                                           М. Дөненбаев

                                                                                  

                                                                             Н. Амандық

                                                                           А. Рахимбаева

                                                                                             

                                                                           Ж. Қырғызалықызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтаманы құрастырған

Д. Абишева

8 /72772/ 20681

Дата публикации
31 мая 2024