Басқармамен 2023 жылдың 9 айында «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 9, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру -13.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 10, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру;
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларына сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.