2018 жылы облыстық бюджеттен 001 "Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер" бағдарсы бойынша 56 349,0 мың ақша қаражаты бөлінген. Бұл бағдарлама басқару аппаратын 19 штаттық бірлігін және 7 техникалық персоналды ұстауға бағытталған. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
010 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 414 ерекшелігі бойынша 4 640,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
003 «Жер қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша Алматы облысының елді мекендері бойынша кадастрлық карталардың бөліктерін жасау және МЖК ААЖ деректер базасынан мәліметтер ұсыну жұмыстары бойынша 3 471,0 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
011 «Облыстық бюджеттерге мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 2018 жылға Алматы облысы бойынша «Ұзынағаш-Отар», «Алматы-Бішкек» автомобиль жолдарының құрылысына, «Күрті-Қапшағай» автомобиль жолының қайта жаңарту бойынша мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерінің және ондағы орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен 607 925,0 мың теңге бөлінді.
Бөлінген қаражатқа тәуелсіз бағалаушы компаниялардың есептеріне және сот органдарының шешімдеріне сәйкес жолдардың құрылысына түсетін жер учаскелерінің иелерімен келісімшарттар жасалып, жер учаскелерінің және онда орналасқан мүліктің құны өтелді. Оның ішінде:
«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының құрылысына түсетін 1 жер учаскесі сот шешіміне сәйкес 32 004,0 мың теңгеге сатып алынды.
«Күрті-Қапшағай» автомобиль жолының құрылысына түсетін қайта жаңғырту бойынша түсетін:
- Іле ауданы бойынша – 30,0 мың теңгеге келісімшарт негізінде 1 жер учаскесі сатып алынды;
- Қапшағай қаласы бойынша – 578,0 мың теңгеге келісімшарт негізінде 3 жер учаскесі сатып алынды.
Меншік иелері алынатын жер учаскелерінен өз еркімен бас тартуына байланысты 735,0 мың теңге бюджетке қайтарылды.
«Алматы-Бішкек» автомобиль жолының құрылысына түсетін 30 жер учаскесі 574 578,0 мың теңгеге сатып алынды. Оның ішінде:
- сот шешіміне сәйкес 6 жер учаскесі