2013 жылғы бюджеттің орындалуы

Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының 2013 жылғы қаржыландыру жоспары бойынша 251 001 000 «Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бөлінгені 44 764 мың теңге, 251 003 000 «Жер қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша 31 176 мың теңге, 251 010 000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2 450 мың теңге,  251 011 011 «Аудандардың (республикалық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға берілетін  нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен «Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына түсетін жер учаскілерін сатып алуға» бөлінгені          2 800 000 мың теңге, оның ішінде:

-Қарасай ауданы бойынша   1 200 000 мың теңге;

-Іле ауданы бойынша               645 000 мың теңге;

-Талғар ауданы бойынша      955 000 мың теңге.

251113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша 742 972 мың теңге, оның ішінде:

-Ауылды елді-мекендердің жерлерін түгендеу жұмыстары бойынша  38 000 мың теңге;

-Ауылды елді-мекендердің жер-шаруашылық құрылымы  жұмыстары бойынша  17 100 мың теңге;

- Ауылды елді-мекендердің жергілікті жерде шекараларын орнату жұмыстары бойынша 56 720 мың теңге;

- Ауылды округтер бөлігінде әкімшілік аудандардың әкімшілік-аумақтық бөлу жобаларын дайындау жұмыстары бойынша 6 000 мың теңге;

- Елді мекендер жерлерін аэрофото түсіріс жасау жұмыстары бойынша  78 011 мың теңге;

- Елді мекендер жерлерінің бағалы аумақтандыру сұлбасын дайындау жұмыстарына 3 650 мың теңге;

- Есепті кварталдардың кадастрлық аймақтандыру жұмыстары бойынша  5550 мың теңге;

- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алуда жүргізілетін жұмыстарға  537 941 мың теңге облыстық бюжеттен бөлінді.

2013 жылдың 01 қазанына басқарма бойынша қаржы игерілуі 99,8 %-ды құрады.


Автомобиль жолдарына түсетін жер учаскелерін сатып алу бойынша жүргізілген жұмыстардың барысы жөніндегі 2012  жылдың 01 қазанындағы  жағдай бойынша ақпарат


«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік жолы


«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлікжолы құрылысына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде:

- 354,2 млн. теңге бөлініп, оның

- 272,677 млн. теңгесі игерілді (77 %)

Қазіргі уақытта 14,93 га құрайтын (құны 81,5637 млн. теңге) сатып алынбаған 12 жер учаскесі  қалды.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы

 Автомобиль жолының құрылысына Іле, Талғар, Қарасай аудандары бойынша қажетті жер учаскелерінің көлемі 492,9 га құрайтын жалпы саны 669 жер учаскесі, оның ішінде: Қарасай ауданы 5,9 млрд.теңге құрайтын 320 жер учаскелері, Іле ауданы  3,9 млрд.теңге құрайтын 173 жер учаскелері, Талғар ауданы 3,6 млрд.теңге құрайтын 176 жер учаскелері.

Биылғы жылға  Іле ауданы бойынша жобаның № 1 учаскесіне («Алматы-Бішкек» автожолынан «Алматы-Капшағай» автожолына дейінгі бөлігіне) қажетті 99 (108,5 га) жер учаскесін сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1,644 млрд тенге бөлінген.

Бүгінгі күнге осы жоба бойынша 1,032 млн. теңге игерілді.

 «Алматы-Өскемен» автокөлік жолы


«Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолының 118-259 шақырымы бойынша (Көксу, Кербұлақ аудандары) қайта жаңғырту жұмыстары 2012 жылға жоспарланған. Бұл жобаға облыстық бюджеттен жер учаскелерін бағалау жұмыстарын орындау үшін 3,565 млн. теңге бөлінген.

«АлматыҒӨОжер» ЕМК-ы алдын-ала нақты меншік иелері мен жер пайдаланушыларды анықтау жұмыстарын жүргізіп, жол белдеуіне енген жалпы көлемі 208,765 га болатын 130 жер учаскесі, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын  117 жер учаскесі (көлемі 153,8 га) анықталды.

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа», «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы», «Алматы-Қапшағай», «Алатау» еркін экономикалық аймағы ақпараттық технология паркіне кіре беріс» автомобиль жолдары жобалары құрылысына қажетті жер учаскелерін сатып алу

бойынша ақпарат


Алматы облысының аумағында бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, атап айтқанда «Батыс Қытай - Батыс Еуропа», «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (әрі қарай - ҮАААЖ), «Алматы-Қапшағай», «Алатау» еркін экономикалық аймағы ақпараттық технология паркіне кіре беріс» автомобиль жолдары жобалары.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы үшін алынатын жер учаскелердің жалпы көлемі 3 145,02 га (948 жер пайдаланушы), оның ішінде көлемі 1 147,5 га болатын 808 жер учаскесі - сатып алу арқылы иеліктен шығарылады.

Қазіргі уақытта көлемі 1078,6 га болатын 782 жер учаскесі 4 млрд. 595 млн. теңгеге сатып алынды.

Көлемі 48,86 га болатын 26 учаскесін сатып алу қажет.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, «ҮАААЖ» жобасы бойынша автомобиль жолына 746,7 га болатын 760 жер учаскесі енді.

Жер учаскелері нақтыланғаннан кейін олар 955 жер учаскесі, көлемі 697,91 га құрады, оның ішінде 63,7 га құрайтын 39 жер учаскесі 2007 жылы сатып алынды.

«Алматы-Қапшағай» учаскесін қайта жаңартуды іске асыру үшін көлемі 31,2 га болатын 61 жер учаскесін алып қою қажет болған, оның ішінде көлемі 18,44 га құрайтын 43 жер учаскесін сатып алу жолымен.

2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көлемі 13,07 га болатын 35 жер учаскесі 1 млрд. 442, 4 млн. теңгеге сатып алынды.

8 жер учаскесін (көлемі 5,4 га) қайта бағалап, сатып алу қажет.

Облыс аумағында жүзеге асырылатын «Алатау» АЭА АТП кіре беріс» жолы құрылысының бөлу жолағына жалпы көлемі 39,63 га 118 жер учаскесі енді, оның ішінде көлемі 37,22 га 111 жер учаскесін сатып алу қажет болып, көлемі 33,93 га 98 жер учаскесі 2 млрд. 220,7 млн. теңгеге сомасына сатып алынды. Көлемі 3,3 га болатын 13 учаскесін сатып алу қажет.

Жер учаскелерін алып қоюды шешу мақсатында Алматы облысы әкімінің өкімімен облыстағы мүдделі қызметтердің өкілдерінен, аудан әкімдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, жер учаскелерін алып қою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылғы бюджеттің орындалуы
Дата публикации
22 июля 2020